Сейсенбі, 28 шілде 2026 ж. 14 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 02:27
Күн 04:28
Бесін 12:26
Ақшам 20:13
Құптан 22:14
Жаңалықтар

Сәуір айында Құран оқу мен азан шақырудан VII Еуропа жарысы өтеді

4 ақп 2019 2 103 рет оқылды
Сәуір айында Құран оқу мен азан шақырудан VII Еуропа жарысы өтеді
Гамбург Ислам орталығының хабарлауынша, VII Еуропа Құран оқу және азан айту жарысы 2019 жылдың 12-14 сәуір күндері Гамбург қаласында өткізілмек.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш жарыстың мақсаты – Құран мәдениеті мен тағылымын кеңге жайып, қарилардың көбеюіне сеп болу, сондай-ақ адамдарды Құранға жақындатып, Еуропа жұртшылығын Құран Кәрімге қызықтыру болмақ.

Жарыс жеңімпаздарын қомақты сыйлықтар күтуде. Атап айтқанда, Құранды мәнерлеп оқу бойынша бірінші орынға – 1500, екінші орынға – 1200 және үшінші орынға – 1000 еуро көлемінде ақшалай сыйақы табысталмақ.

azan.kz