Жексенбі, 14 маусым 2026 ж. 28 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:20
Екінті 17:56
Ақшам 20:36
Жаңалықтар

Әйел шәкірттер емтихан тапсырды (фото)

18 ақп 2019 2 026 рет оқылды
Әйел шәкірттер емтихан тапсырды (фото)

19 ақпан. Астана. SUNNA.KZ -  «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің жанынан құрылған «Аналар мектебі» діни-рухани клубының ұйымдастыруымен әйел шәкірттер емтихан тапсырды.

ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың тапсырмасымен, еліміздің барлық мешіттерінің жанынан құрылған сауат ашу курстары тұрақты діни біліп беріп келеді. Қазіргі діни сауатсыздықтың кесірінен Қазақстан мұсылмандары неше түрлі жат ағымдардың жетегінде кетпеу үшін, діни танымын арттыру мақсатында өз жұмыстарын белсенді атқаруда. Осындай игі бастамалардың негізінде, ҚМДБ «Әйелдер-қыздар» секторы, «Аналар мектебі» діни-рухани клубының ұстазы Әлия Аусағатова мен Айгүл Көксегенқызының ұйымдастыруымен әйел шәкірттер фикһ пәнінен емтихан тапсырды.

Емтиханға 20-ға жуық шәкірт қатысып, билеттердегі сұрақтарға жауап берді.

«Бұл емтихан өзіміздің осыған дейін оқыған, жинаған ілімдерімізді қайыра еске түсіру. Білімді алған соң оны ұдайы еске түсіріп, оған амал жасау - мұсылман әйелінің үлгілі әдептерінің бірі», - деді емтихан барысында ұстаз Айгүл Көксегенқызы.

Сондай-ақ, емтихан соңында «Аналар мектебі» клубының демеушілігімен, жиналған әйел шәкірттерге дастархан жайылды.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі