Жұма, 19 маусым 2026 ж. 4 мұхаррам 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:21
Ақшам 20:38
Құптан 22:24
Жаңалықтар

«Әзірет Сұлтанның» әйел жамағатына арналған Құран мерекесі өтті (ФОТО)

5 нау 2019 2 183 рет оқылды
«Әзірет Сұлтанның» әйел жамағатына арналған Құран мерекесі өтті (ФОТО)
Естеріңізде болса, осыдан оншақты күн бұрын республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел шәкірттерінің тәжуид бағдарламасын тәмамдап, Құран Кәрімге кіріскеніне орай «Құран – сөнбес сәуле, жарық нұр» атты мерекелік шара өткен болатын. Шәкірттер санының көптігіне байланысты қуанышты шараға ол жолы қос ұстаздың (Аманкүл және Аягөз Абдраманова) ғана шәкірттері қатысып, 160-тан астам қыз-келіншекке қасиетті Құран кітабы тарту етілген еді.

Кешегі өткен шара аясында «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстаздары Гүлсара Бекет пен Алия Өмірбекова шәкірттеріне Құран табысталып, ілім жолындағы ізденістеріне сәттілік айтылды. Шара барысында шәкірттерге Құранды оқып-үйренудің, онымен амал етудің сауапты жолдары айтылып, насихат жүргізілді.