Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

«Қазақстан» РТРК Абайдың 175 жылдығына арналған телехикаяға байқау жариялады

17 мау 2019 2 002 рет оқылды
«Қазақстан» РТРК Абайдың 175 жылдығына арналған телехикаяға байқау жариялады
«Қазақстан» РТРК» АҚ Абайдың 175 жылдығына арналған телехикаяға байқау жариялайды.
«Қазақстан» РТРК» АҚ ұлы ақын, жазушы ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай телехикая түсіреді. Осыған байланысты, телехикаяның сценарлық идеясына байқау жариялайды. Байқауға қатысу үшін орындаушы компания - идея, синопсис, сондай-ақ, концепция ұсынуы шарт. Ұсыныстар тарихи фильмдер мен телехикаялар өндірісінде тәжірибесі бар, техникалық мүмкіндіктері жоғары компаниялардан ғана қабылданады», - делінген баспасөз баянында.

Байқауға өтінімдер қабылдау 2019 жылдың 1 тамызына дейін жүргізіледі. Ұсыныстар kaztrk@kaztrk.kz электронды поштасы арқылы қабылданады.

 www.inform.kz