Жұма, 19 маусым 2026 ж. 4 мұхаррам 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:21
Ақшам 20:38
Құптан 22:24
Жаңалықтар

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа мешітке барды

29 мау 2019 1 685 рет оқылды
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа мешітке барды
Елбасы астананың Сарыарқа ауданында орналасқан жаңа мешітке барды. Бұған дейін қаланың 380 мыңнан астам тұрғыны бар осы аймағында жаңа мешіт салу туралы ұсыныс айтылған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы қолдады.

Мешіт жеке инвесторлардың қаржысына тұрғызылды. Ғимарат классикалық ислам стилінде салынып, сырты және іші ұлттық ою-өрнекпен безендірілген.

Мешіттің ауданы 2000 шаршы метрден асады.

 ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі