Сенбі, 12 қыркүйек 2026 ж. 1 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 05:39
Бесін 12:16
Екінті 16:40
Ақшам 18:41
Құптан 20:11
Жаңалықтар

ЕЛОРДАДА ТАҒЫ БІР ІРГЕЛІ МЕШІТ АШЫЛДЫ

5 шiл 2019 2 238 рет оқылды
ЕЛОРДАДА ТАҒЫ БІР ІРГЕЛІ МЕШІТ АШЫЛДЫ
Бүгін қасиетті жұма күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Сапаржай мен ескі темір жол маңынан жаңа мешіт ашылды. Жаңа мешітке «Рахымқызы Раиса ана» деген атау берілді. Бұл елордада есігін айқара ашқан 11-ші мешіт. Жеке мердігердің көмегімен салынған құлшылық орнының ашылуына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатысып, жиылған жұртшылыққа мешіт салудың сауабына тоқталды. 
«Мешіт – адамдарды мейірімділікке, сүйіспеншілікке шақыратын, бір-біріне қамқор болып, қол ұшын беретін, мұқтаж болған адам жанына тыныштық табатын, сондай бір қасиетті, ұлық мекен. Бұл – имандылықтың, білімнің, ғылымның ордасы. Кешегі Қараөткелден келе жатқан Ақмола, кеше ғана халқымыздың басын біріктірген Астана, бүгін нұрланып дамып жатқан Нұр-Сұлтан қаласында халықтың негізгі бөлігі шоғырланған жерге мешіт көптен бері қажет еді. Мінеки, Елбасымыздың тапсырмасымен дәл осы халық тығыз орналасқан жерге мешіт салдырған әулетке Алла разы болсын дейміз, — деді Бас мүфти бүгінгі мешіттің ашылу рәсімі кезінде.
Айта кетейік, бас қаланың оң жағалауында бой көтерген жаңа мешітке бір мезетте 1500-2000 адам еркін сыйып, құлшылығын өтей алады. Сондай-ақ, мешіт жанынан ас беруге, Рамазан айында ауызашар беруге ыңғайлы асхана да ашылды. Ал жұма уағызы мен құтбаны ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жүргізді.