Жексенбі, 1 қараша 2026 ж. 21 жұмадөл әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 05:33
Күн 07:01
Бесін 12:03
Екінті 15:05
Құптан 18:22
Жаңалықтар

"С.Ғылмани" мешіті: айттық дастарқаны берекелі болды

13 там 2019 1 821 рет оқылды
"С.Ғылмани" мешіті: айттық дастарқаны берекелі болды

Әр діни мереке сайын, тіптен аптаның әр күнінде мешіт жамағаты арасынан демеуші азаматтардың жомартығының арқасында, үнемі берекелі дастарқан жайлып жатуы - әлбетте, жамағат арасындағы жылы қарым-қатынас, аралас-құраластық, береке-бірлікке ұласатыратыны анық. Осындай ізгі ниетті амалдар "С.Ғылмани" мешітінде үнемі жалғасын тауып келеді. Соның айқын бір көрінісі - бүгінгі қасиетті Құрбан айттың үшінші күні демеуші заматтардың көмегімен, айттық дастарқаны жайылды. 

Арнайы жайылған дастарқан басында ұстаз Серікбол Хаманұлы туыстық қарым-қатынас жайлы тағылымды уағыз-насихат айтты. Сонымен қатар, Құран оқып дастарқан жайған азаматтардың ата-бабаларына дұға бағыштады. 

sunna.kz