Жұма, 11 қыркүйек 2026 ж. 29 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:07
Күн 05:38
Бесін 12:16
Екінті 16:42
Ақшам 18:43
Жаңалықтар

ФОРУМ: САНА ӨЗГЕРСЕ – АДАМ ӨЗГЕРЕДІ – Әділ Ахметов

28 қаз 2019 1 610 рет оқылды
ФОРУМ: САНА ӨЗГЕРСЕ – АДАМ ӨЗГЕРЕДІ – Әділ Ахметов
ІІІ республикалық имамдар форумына қатысқан мемлекет және қоғам қайраткері Әділ Ахметов айтулы іс-шара жайында өз пікірін білдірді.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының осымен үшінші рет ұйымдастырған республикалық имамдар форумы – тарихи шара болды деп атар едім. Бұл жолы өткен форумның мазмұндық деңгейі жоғары болғаны мінберде сөйлеген азаматтардың ниетінен байқалды. Өйткені, бұл айтулы басқосуға Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі құттықтау хатын жолдап, ізгі ниетін білдірді. Қай кезеңде де рухани құндылықтар – қоғам тірегі. ІІІ республикалық имамдар форумы «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» деген тақырыпты арқау етті. Бұл – бүгінгі заман үшін аса маңызды тақырып. Рухани құндылықты әр адам өз санасына сіңіруі қажет. Ол адам бойында көрініс тапса оның санасы өзгереді. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз өзінің мазмұнды баяндамасында: «Сана түзелсе – адам түзеледі. Адам түзелсе – қоғам түзеледі. Пенденің бойындағы иман-сенім – барша жамандықтың қалқаны», – деп атап өтті. Иә, сана өзгермейінше, адам өзгермейді. Санада революция болу керек», – деп атап өтті Әділ Құрманжанұлы.

ҚМДБ баспасөз қызметі