Мүшайраға кез келген талапкер төмендегі екі номинация бойынша қатыса алады.
1. «Үздік мәнерлеп оқушы» номинациясы
Бұл номинацияға мектеп жасындағы оқушылар қатыса алады.
Шарттары: Ақын, дін қайраткері, қази Сәдуақас қажы Ғылманидың «Мәуліт» кітабынан үзінді оқып, бейне-ролик жолдау; Уақыт өлшемі: 2-5 минут аралықтан аспау; Бейне-роликтің сапасы мен мәнерлеп оқуға мән беріледі.
Бәйге жүлделері:
І-орын – 50 мың теңге ІІ-орын – 30 мың теңге
ІІІ-орын – 20 мың теңге
2. «Үздік Мәуліт жыршысы» номинациясы
Бұл номинацияға кез келген ақын қатыса алады.
Шарттары: Бір ақын Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жайлы бір өлең және діни еркін тақырыпта бір өлең жолдайды.
Туынды Times New Roman 14 әрпімен жазылып, үш беттен аспауы тиіс. Сондай-ақ, шығарма бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған болуы керек. Өлең авторының қысқаша өмірбаяны және суреті қоса жіберілуі шарт. Хат соңында байланыс телефонын көрсетіңіздер.
Бәйге жүлделері:
І-орын – 70 мың теңге ІІ-орын – 50 мың теңге
ІІІ-орын – 30 мың теңге
Шығармалар 8-қарашадан 28-қараша аралығында қабылданады. Мүшайра жеңімпаздарын марапаттау салтанаты Нұр-Сұлтан қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде өтеді.
Материалдарды ardaqty@mail.ru электронды поштасына жолдау қажет.
Анықтама тел: 87013413839