Яғни, марафон ережесіне сәйкес 500 метрге жүгіремін деуші 5000 теңге, 5 шақырым 7000 теңге, 10 шақырым 7000 теңге, 21 шақырым 7000 теңге көлемінде ақша төлейді.
«Жүгіру марафонына 2-2,5 мың аралығында адам қатысады деп жоспарлануда, сондай-ақ, жүгіру жарысына кәсіби желаяқ марафоншылар да шақырылып отыр. Шарадан түскен қаражаттың жартысы қайырымдылық мақсатына жұмсалады. «AstanaNauryzMarathon» марафоны өтетін тас жол IAAF/AIMS ережесіне сәйкес аккредиттелген мамандармен сертификатталған», - делінген марафонның ресми сайтында.
«AstanaSportLife» компаниясының ұйымдастыруымен өтетін спорттық шараға Астана қаласының әкімдігі қолдау білдіріп отыр. Айта кетейік,«AstanaNauryzMarathon» қайырымдылық марафоны қаладағы Триатлон саябағында (Б.Момышұлы, 2) өтеді.