Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

БАС МҮФТИ ТҮРКІСТАНДА ЗИЯРАТ ЖАСАП, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

3 мау 2019 1 731 рет оқылды
БАС МҮФТИ ТҮРКІСТАНДА ЗИЯРАТ ЖАСАП, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз киелі Түркістанда болып, Қожа-Ахмет Яссауи кесенесін зиярат етті. Бабалар рухына Құран бағыштады.

Түркістан облыстық мешітінде Бас мүфтидің қатысуымен «Рамазан керуені» қайырымдылық шарасы өтті. 300 отбасыға көмек берілді. ҚМДБ төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы жиылған жұртшылықты алда келе жатқан ораза айт мерекесімен құттықтап, береке тіледі.

Игі шарада наиб мүфти Алау Әділбаев мұқтаж отбасыға үйдің кілтін тапсырды. Игі іс ҚМДБ «Зекет» қорының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Ел үлесі – пәтерге» акциясы аясында жүзеге асты. Айта кетейік, бұл көпшіліктің демеушілігімен берілген 69-шы баспана.

muftyat.kz