Жұма, 19 маусым 2026 ж. 4 мұхаррам 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:21
Ақшам 20:38
Құптан 22:24
Жаңалықтар

937 имам білім алып, 15 073 адам сауат ашты

28 жел 2021 1 428 рет оқылды
937 имам білім алып, 15 073 адам сауат ашты

28 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Елордада өткен ҚМДБ Төралқа мәжілісінде Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков баяндады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

«2020-2021 оқу жылы ҚМДБ оқу орындарын 733 түлек бітірді. Оның 230-ы Нұр-Мүбарак университетін тәмамдады. Биыл Нұр-Мүбарак университетін бітірген 72 түлек, медресе-колледждерді тәмамдаған 234 түлек қызметке орналасты» деді Смайыл Сейтбеков.

Бөлім басшысының баяндауынша, биыл Ислам институтынан – 232, облыстық курстардан – 705, барлығы 937 имам білімін жетілдірді. Діни сауат ашуға қатысқан жалпы жамағат саны – 15 073 адам.

Айта кетейік, бүгінде елімізде барлығы 2713 мешіт бар. Осы мешіттерде 4541 дін қызметкері жұмыс істейді.