Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

IX Қазан жалпыресейлік Құран конкурсы өтеді

11 ақп 2019 2 349 рет оқылды
IX Қазан жалпыресейлік Құран конкурсы өтеді

21-22 ақпан күндері IX Қазан жалпыресейлік құран конкурсы өтеді. Биыл бұл конкурс ежелгі Болгар қаласында ұйымдастырылады.

Құран сайысына Ресей Федерациясының 14 қаласы мен аймағынан – Татарстан, Башқұртстан, Шешенстан, Дағыстан, Ингушетия республикаларынан, Қырым,  Мәскеу, Челябинск, Иваново, Ставрополь, Перм, Саратов, Тула және Екатеринбургтен Құран аяттарын жатқа білетін 30-ға жуық қари қатысады.

Конкурсқа қатысушылардың ең жасы – 11 жаста болса, үлкені – 34 жаста. Татарстан республикасы Мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, конкурсты Ислам лигасының Құран мен сүннет хавиздері бойынша әлемдік ұйымы, ТР діни басқармасы, Болгар ислам академиясы және «Құран нұры» қайырымдылық қоры ұйымдастырып отыр.

Жарыс екі номинация – «Қасиетті Құран мәтіндерін дұрыс оқу» және «Қасиетті Құранды толық жатқа оқу» бойынша өтеді.

KAZISLAM