Сәрсенбі, 9 қыркүйек 2026 ж. 27 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 05:35
Бесін 12:17
Екінті 16:46
Ақшам 18:48
Құптан 20:19
Мешіт тынысы

«Сәдуақас қажы Ғылмани»: 200 оқушыға қуаныш сыйлады (фото)

35 рет оқылды
«Сәдуақас қажы Ғылмани»: 200 оқушыға қуаныш сыйлады (фото)

Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылатын акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін, көпбалалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсету.


Шара барысында 200 оқушыға қажетті құрал-жабдықтар толтырылған мектеп сөмкелері үлестірілді.

Мешіттің бас имамы Руслан Байзақовтың бастамасымен болған қайырымдылық шарасы дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді. Ұлт болашағы білімді ұрпақтың қолында екенін ескерсек, теңізге тамызған тамшыдай болған бұл әрекет егеменді еліміздің ертеңі үшін жасалған игі істердің бірі.

Жаңа оқу жылына дайындық уақытында қаламыздағы аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсеткені үшін, елордалық балғындарға шат-шадыман көңіл-күй сыйлағаны үшін келген ата-аналар мешіт ұжымына зор ризашылықтарын білдірді.

sunna.kz