Дүйсенбі, 26 қазан 2026 ж. 15 жұмадөл әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 06:51
Бесін 12:03
Екінті 15:15
Ақшам 17:05
Құптан 18:32
Жаңалықтар

Астанада «Үздік имам» І республикалық интеллектуалды білім сайысы басталды

3 жел 2025 380 рет оқылды
Астанада «Үздік имам» І республикалық интеллектуалды білім сайысы басталды

Бүгін елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік имам» І республикалық интеллектуалды білім сайысы басталды.


Жарыс қасиетті Құран Кәрім аяттарын оқумен ашылып, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы дұға жасады.

«Жамағатқа имамдық ету – жауапкершілігі мол маңызды қызмет. Бұл – Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жолын жалғастыратын қасиетті міндет. Адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тосу – ұлы істің бірі. Сол себепті Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбеті қауымдардың қайырлысы болды. Алла Тағала Құранда былай дейді: «Сендер адам баласы үшін игілікті әмір етіп, жамандықтан тыятын, сондай-ақ, Аллаға сенетін үмбеттердің қайырлысы болып жіберілдіңдер»(«Әли Имран» сүресі, 110-аят). Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Имам – басшы әрі қоластындағыларға жауапты» деген хадисі бұл саладағы тұлғалардың қаншалықты маңызды міндетті атқарып жүргенін көрсетеді.   Әрине, мұндай жауапкершілікті атқару үшін имамдарымызға өз болмысымен үлгі-өнеге болатын, дін ісі мен дүние ісін қатар алып жүретін көркем мінез-құлық пен ұстаздық қабілет-қасиеттер, белсенділік пен адамгершілік сипаттарауадай қажет», – деді ҚМДБ Төрағасы.

Айта кетейік, республикалық деңгейде алғаш рет ұйымдастырылып отырған байқауда қатысушылар «Қасиетті Құран», «Бабалар даналығы», «Дін мен дәстүр», «Хадис шәріп» және «Көркем насихат» кезеңдері бойынша өзара сайысқа түседі.