Сейсенбі, 27 қазан 2026 ж. 16 жұмадөл әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 06:53
Бесін 12:03
Екінті 15:13
Ақшам 17:03
Құптан 18:30
Жаңалықтар

Бас мүфти «Ақтөбе» медресе-колледжінің жұмысымен танысты

24 нау 2022 1 241 рет оқылды
Бас мүфти «Ақтөбе» медресе-колледжінің жұмысымен танысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына барған жұмыс сапарында Алға ауданында орналасқан «Ақтөбе» медресе-колледжінің жұмысымен танысты.

Медресе-колледж директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков оқу ордасында жүзеге асып жатқан игі бастамалар жайлы баяндады.

«Жыл басында дін қызметкерлеріне жолдаған бағдарлық баяндамамда медресе-колледждердің жұмысына назар аудардым. Медресенің жүрегі саналатын ұстаздардың да жағдайын ескереуміз керек. Біз қазір медресе-колледждерге арналған бірыңғай бағдарлама әзірлеп, «Үздіксіз білім беру концепциясын» дайындадық. «Жас маман, ауылға қадам бас маман» жобасын қолға алдық. Мақсатымыз – жас мамандарды ауылға діни қызметке тарту, білім сапасын көтеру, мешіттерді білімді діни кадрлармен қамтамасыз ету» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Оқу ордасының жұмысымен танысқан Бас мүфти медресе-колледж директорына нақты тапсырмалар берді.