Сәрсенбі, 29 шілде 2026 ж. 15 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 02:28
Күн 04:30
Екінті 17:45
Ақшам 20:11
Құптан 22:13
Жаңалықтар

Бас мүфти Кавказ мұсылмандары діни басқармасының төрағасын қарсы алды

6 мам 2022 919 рет оқылды
Бас мүфти Кавказ мұсылмандары діни  басқармасының төрағасын қарсы алды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының  шақыруымен бүгін елімізге Кавказ мұсылмандары діни  басқармасының төрағасы, шейх-уль Ислам Аллашүкір Паша-Заде келді.

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайынан құрметті қонақтарды Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақы дәстүрге сай күтіп алды.

Айта кетейік, 6 мамыр күні ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен Түркістан қаласында түркі мемлекеттері мүфтилер алқасының қатысуымен «Ислам өркениетінің дамуына түркі халықтарының қосқан үлесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Еске сала кетсек, бүгін түске дейін Түркістанға Түркия мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Әли Ербаш келген болатын.