Сенбі, 1 тамыз 2026 ж. 18 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 02:33
Күн 04:34
Бесін 12:26
Ақшам 20:06
Құптан 22:07
Жаңалықтар

Имамдарға семинар өткізді

4 ақп 2022 1 059 рет оқылды
Имамдарға семинар өткізді

Шымкент орталық мешітінде «Ихсан ілімі: Шариғат және пәтуа беру тағылымы» атты аймақтық діни семинары ұйымдастырылды.

Аталмыш семинарға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Шоқанов арнайы қатысып, имамдарға дәріс оқыды. Шариғат және пәтуа беру саланың қыр-сырына тоқталған Сансызбай Құрбанұлы дәріс барысында Құран, хадис, ижмаь, қияс саласы, пәтуаның анықтамасы мен пәтуа берудің әдебі туралы қызықты мағлұматтарын бөлісті. Сондай-ақ, отбасы және ажырасу, талақ т.б. өзекті тақырыптарды қозғап, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ семинарға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, шаһар имамдары мен дін қызметкерлері қатысты. Семинар қорытындысында С.Құрбанұлының «Пәтуа әдебі» кітабы және ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің ұйытқы болуымен жарық көрген «Пәтуалар жинағы -3» кітаптары үлестірілді.