Сәрсенбі, 29 шілде 2026 ж. 15 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 04:30
Бесін 12:26
Екінті 17:45
Ақшам 20:11
Құптан 22:13
Жаңалықтар

«Киімнің киелісі – кимешек»: Алматы орталық музейінде көрме өтті (ФОТО)

29 қыр 2021 1 029 рет оқылды
«Киімнің киелісі – кимешек»: Алматы орталық музейінде көрме өтті (ФОТО)

Алматы қаласындағы мемлекеттік орталық музейде 2021 жылдың 24 қыркүйегінде "Киімнің киелісі – кимешек" көрмесі ашылды.

Көрмеде музей қорындағы ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасыр аралығына тән Қазақстанның әр өңірінен жинақталған қазақ әйелдерінің кимешегі мен оны безендіруге арналған зергерлік бұйымдар қойылды.

Соның ішіндегі көнесі – Қарағанды өңірінен алынған 200 жылға жуық тарихы бар кимешек. Кимешек – Орталық Азия әйелдеріне тән баскиім. Жалпы кимешектің 16 түрі белгілі, оның 12 түрі Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музей қорында сақталған.

"Көрменің мақсаты – қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің тамырын сақтап, оны дамыта отырып, болашақ ұрпақтың рухани, мәдени кеңестігін, ұлттық сана-сезімін және рухани иммунитетін қалыптастыру. Мемлекеттік орталық музей қорындағы кимешектердің түрлері арқылы көпшілікке кеңінен таныстыру және насихаттау", - деп көрсетті мемлекеттік орталық музейдің баспасөз қызметі.

sputnik.kz