Дүйсенбі, 24 тамыз 2026 ж. 11 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Ақшам 19:23
Құптан 21:02
Жаңалықтар

Конференция аясында фотокөрме ұсынылды

28 сәу 2025 681 рет оқылды
Конференция аясында фотокөрме ұсынылды

Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінде өтіп жатқан халықаралық конференция кезінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына арналған фотокөрме ұсынылды.


Фотокөрмеге Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы кезіндегі Қазақстан қазилары Әбдіғаппар Шамсутдинов, Сәдуақас қажы Ғылмани, Жақия қажы Бейсенбайұлының суреттері қойылды.

Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бұрынғы төрағалары, Бас мүфтилер Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Әбсаттар қажы Дербісәлі, Ержан қажы Малғажыұлы, Серікбай қажы Ораз және қазіргі Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының мүфтият жұмысына қатысты фотосуреттері ұсынылды.

Конференцияға келген шетелдік меймандар фотокөрмені тамашалап, қазақтың дін тарихына қатысты мағлұмат алды.