Бейсенбі, 5 қараша 2026 ж. 25 жұмадөл әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 07:08
Бесін 12:03
Екінті 14:58
Ақшам 16:47
Құптан 18:16
Жаңалықтар

Мекке мен Мәдинаға 2755 отандасымызға уағыз-насихат айтылды

2 мау 2025 538 рет оқылды
Мекке мен Мәдинаға 2755 отандасымызға уағыз-насихат айтылды

Қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларына жиналған қазақстандық қажыларға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен 15 уағызшы арнайы уағыз-насихат жұмыстарын жүргізуде.


Қазақстан Қажылық миссиясының уағыз-насихат бағытына жауапты Батыржан Мансұровтың айтуынша, 25 мамыр мен 30 мамыр аралығында ұшақта, Мәдина-Мекке бағытындағы автобустарда, қонақүйлердің намазханаларында имам-ұстаздар уағызына 2 755 адам қатысты. Бесінші парызын өтеуге келген отандастарымызға үлкен қажылыққа дайындық, қажылық әдептері, Мекке мен қағбаның абзалдығы, таматтуғ қажылығы, ықылас және ниет, қажылықта қарым-қатынастың әдебі және өзге де тақырыптарда уағыз-насихат айтылуда.