Сейсенбі, 28 шілде 2026 ж. 14 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 02:27
Күн 04:28
Екінті 17:46
Ақшам 20:13
Құптан 22:14
Мешіт имамдары

Наиб имам - Ақжігітов Бекзат

14 ақп 2024 17 884 рет оқылды
Наиб имам - Ақжігітов Бекзат
Ақжігітов Бекзат 1975 жылы 1 наурызда дүниеге келген. Білімі: 1982 – 1992 жж.  ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылындағы Абай атындағы орта мектепте білім алған. 1992 - 1996 жж. Өзбекстан Республикасы, Өзбекстан медресесін бітірген. 1996 - 1998 жж. Таяқты Ешан мешіт-медресесін «Ислами шариғат және араб тілі» мамандығы бойынша бітірген. 2002 - 2003 жж. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтын «Араб тілі, Дінтану» мамандығы бойынша бітірген. 2014 - 2015 жж. Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» университетін «Дінтану» мамандығы бойынша бітірген. Магистратура: 2017-2018 жж. Шымкент қаласында орналасқан Аймақтық-әлеуметтік инновациялық университеті, Факультет:  6M011900 Педагогика және психология. Диплом ЖООК-М № 0137891. Жұмыс өтілі: 1998-2000 жж. ШҚО Үржар аудандық мешітінде ұстаздық қызметін атқарды. 2000-2005 жж. ШҚО Үржар ауданы, Бестерек ауылында бас имам қызметін атқарды. 2005-2014 жж. ШҚО Үржар аудандық мешітінде бас имам қызметін атқарды. 2014-2016 жж.  Нұр-Сұлтан қаласы, «Нұр-Астана» мешітінде наиб имам қызметін атқарды. 2016-2019жж. Нұр-Сұлтан қаласы, «Нұр-Астана» медресесінің директоры қызметін атқарды. 2019 - 2020 жж. Нұр-Сұлтан қаласы, «Нұр-Астана» мешітінде бірінші наиб имам қызметін атқарды. 2020 ж. 1 шілдесінен  Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде наиб имам қызметін атқаруда. Үйленген, 6 баланың әкесі.