Жұма, 11 қыркүйек 2026 ж. 29 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:07
Күн 05:38
Бесін 12:16
Екінті 16:42
Ақшам 18:43
Жаңалықтар

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде «Айттағы қуаныш» іс-шарасы өтті

22 нау 2026 672 рет оқылды
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде «Айттағы қуаныш» іс-шарасы өтті

Астана қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Дәстүр және отбасы бағыты аясында айт мейрамына орай «Айттағы қуаныш» мерекелік іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында 45 бала мен 15 анаға мерекелік сыйлықтар үлестіріліп, көңіліне шаттық ұялады. Қатысушылар үшін түрлі ойындар мен қызықты викториналар ұйымдастырылып, мерекенің рухани мәні мен ұлттық дәстүрлер дәріптелді.

Игі іс-шара отбасы мен қоғамдағы татулықты нығайтуға, жас ұрпаққа ізгілік пен бауырмалдықты насихаттауға бағытталған.

Мерекелік іс-шара соңында қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

sunna.kz