Дүйсенбі, 14 қыркүйек 2026 ж. 3 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 05:42
Бесін 12:15
Екінті 16:36
Ақшам 18:36
Құптан 20:06
Жаңалықтар

Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны дүние есігін ашты

4 там 2021 1 418 рет оқылды
Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны дүние есігін ашты

Алматы облысының әкімдігі 19 миллионыншы қазақстандық туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

19 миллионыншы қазақстандық 3 тамызда Алматыдағы перинаталдық орталықта дүниеге келген.

"Есімі - Жания Азаматқызы, ата-анасы: Азамат Нұрғалиев 1982 жылы туған, анасы Назгүл Көбентаева 1986 жылы туған, Алматы облысы, Іле ауданы, Чапаево ауылында тұрады", - деді әкімдік өкілдері.

Айта кетейік, 18 миллионыншы қазақстандық 2017 жылы тіркелген болатын, ол да Алматы облысының тұрғыны. 18 миллионыншы қазақстандық - 2017 жылдың 11 мамырында Талдықорған қаласында Мүслима Саматқызы. Мүслиманың ата-анасына үш бөлмелі пәтер сыйға тартылған болатын.

Tengrinews.kz