Дүйсенбі, 2 қараша 2026 ж. 22 жұмадөл әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 05:35
Күн 07:03
Екінті 15:03
Ақшам 16:52
Құптан 18:20
Жаңалықтар

ҚМДБ Төрағасы әл-Азһар мешітіне зиярат жасады

9 мау 2022 971 рет оқылды
ҚМДБ Төрағасы әл-Азһар мешітіне зиярат жасады

Жұмыс кестесіне орай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Каирдегі әл-Азһар мешітіне зиярат жасады. Кейін осы мешітте орналасқан Пәтуа беру орталығының жұмысымен танысты.

Орталық мамандарының сөзінше, мұнда келушілердің негізгі сұрағы неке, мирас мәселелері төңірегінде. Бұл жерде сауалдарға жауап беру үшін 6 мүфти отырады. Күніне шамамен 120 адам келеді. Бас мүфти Діни басқармада шариғат және пәтуа мамандарынан құралған осындай бөлімнің бар екенін айтты.

Осыдан кейін ҚМДБ Төрағасы бастаған делегация әл-Азһар мешітіндегі Қайтпай сұлтан заманында салынған сәулетті екі мұнараның біріне барды. Сол дәуірде салынған мұнара, кіреберіс қақпадағы оюлар бұзылмай сақталған.

Айта кетейік, әл-Азһар мешітінің іргетасын 972 жылы Мысырдағы фатимидтер әулетінің билеушісі Жауһар Ассықли әл-Муизз қалаған. Әл-Азһар – фатимидтердің Мысырда салдырған ең алғашқы ескерткіші. Бұл мешітте бір мезгілде 20 мың адам намаз оқи алады.