Take a fresh look at your lifestyle.

«УАҚЫП» ҚОРЫНЫҢ ҚАРАЖАТЫ ҚАЙДА БАҒЫТТАЛАДЫ?

0 195

«Дін жолында «сауапты іс» жасау үшін тек қана мешіт салу міндетті емес. Қоғам үшін пайдалы болып есептелетін кез келген игі істі жасауға болады. Оның ішінде мектептер, ауруханалар, жол салу, көпір салу секілді қоғамға пайдалы кез келген іс сауапқа жатады. Қордың жұмысы аталған мәселені шешуге бағытталған. Ол қайырымдылық жасау жолындағы істерді тиімді жүйеге салуға үлес қосады. Ең бастысы – бәрі ашық және қоғам үшін пайдалы болуы тиіс», – деді Нұрлан Ермекбаев «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының таныстырылымында. Бұл туралы tengrinews.kz сайты жазады.

Cондай-ақ, министр «Уақып» қорының қаражаты діни ғимараттар мен әлеуметтік нысандарды салуға, діни қызметкерлер мен кедейлерге, жұмыссыздар мен мүгедектерге қолдау көрсетуге арналған жобаларды іске асыруға бағытталатынын айтты.

Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, мұндай мекемелер қайырымдылық жасау дәстүрлері қалыптасқан көптеген елдерде кең таралған.

«Вакф» Институты мұсылман елдерінің халықтары арасында кеңінен қолданылады, сондай-ақ арнайы құрылған «Вакф» министрліктері де жұмыс істейді. Аталған жүйе қазірдің өзінде Таяу Шығыстағы ислам елдерінде ғана емес, сонымен қатар зайырлы мемлекеттерде де жүзеге асырылуда. Мысалы, Ресей Федерациясының кейбір өңірлерінде, Қырғызстан мен Түркияда бар», – деді министр.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.