Take a fresh look at your lifestyle.

АСТАНАДА ЖАҢАДАН САЛЫНЫП ЖАТҚАН МЕДРЕСЕ ҚҰРЫЛЫСЫНДА ӨРТ ШЫҚТЫ

0 631

Астанада салынып жатқан медресе мұнарасының жылу ұстауға арналған материалдары өртенді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ТЖД баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. 

«18 ақпан сағат 15:35-те «101» пультіне Оңтүстік-Шығыс ықшамауданында (оң бетінде) Қарқабат көшесінде өрт шыққаны туралы хабар келді. Астананың Өрт сөндіру қызметінің бөлімшесі оқиға орнына 15:41-де келгенде жаңадан салынып жатқан медресе мұнарасының жалпы аумағы 10 шаршы метр жылу ұстап тұруға арналған материалдары өртенгенін анықтады», – дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

ТЖД мәліметі бойынша, өртті сөндіруге 10 адам және 2 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 15:58-де ауыздықталып, 16:03-те сөндірілді. 

«Өрттің шығу себебі: дәнекерлеу жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау», – деп атап өтті департамент өкілдері. 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.