Take a fresh look at your lifestyle.

ҚМДБ ҚАЖЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА МЕҢГЕРУШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

0 335
Бүгін Алматы қаласында өтіп жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Қажылық бөлімінің жаңа меңгерушісін таныстырды, – деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Бас мүфти бұйрығымен Айдар Салқынбаев ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

А.Салқынбаев ҚМДБ жанындағы «Қажылық қоры» мен «Tawaf travel» қажылық компаниясының директоры қызметін қоса атқарады.

Айдар Салқынбаев 1978 жылы Ресей Федерациясының Алтай аймағында туған.

Білімі:

1994-1996 жж. Ақмола қаласы «Садуақас қажы Ғылмани» мешіт-медресесінде сауат ашу курсын тәмамдаған;

1996-2001 жж. Түркияның Стамбұл қаласында «Құран курсын» бітірген;

2004 жылы Алматы қаласындағы «Ислам институтында» білімін жетілдірген;

2011-2015 жж. Бішкек қаласындағы «МУИТ» экономика факультетін тәмамдаған;

2017 жылы Алматыдағы «Қайнар» университетінің магистратурасын аяқтаған.

Қызмет жолы:

2001-2003 жж. Алматы қаласы Орталық мешітінің ұстазы;

2005-2011 жж. Ақмола облысы Степногорск қаласы Орталық мешітінің наиб имамы;

2011-2015 жж. Отандық қажылық компаниясының директоры;

2015-2016 жж. Алматы өңірі, наиб имамы;

2016 жылы Алматы қаласы Қарасай ауданы «Құртқа» мешітінің бас имамы.

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.