Take a fresh look at your lifestyle.

«BAQ league» турнирінің төртінші маусымы басталды

0 94

Өткен маусымның қорытындысы бойынша Журналистер біріншілігі екі лигаға бөлінген. Әрқайсысында жеті командадан. Сондай-ақ, жазғы маусымда Журналистер кубогы да қатар өтеді. Оған қос Лиганың да командаларының таласуға құқықтары бар. «Биылғы турнирді екі лигаға бөлуіміздің себебі, аға буындағы БАҚ өкілдері жасыл алаңда жастармен тайталаса алмайтындықтан «В» лигасында емен-жарқын доп тепсін деп ұйғардық. Ал «А» лигасында жас және ең мықты журналистерден құралған командалар чемпиондық атақ үшін бақ сынайды», деді BAQ league жобасының жетекшісі Әзиз Жұмаділ. Сондай-ақ әр маусым сайын жоба өзіндік ерекшеліктерімен дараланып тұрады. Биылғы маусымның ерекшелігі – «Бақош» деп аталатын маскоттың пайда болуы.  «Бақош өзі футболға қызығатын, футболды жаны сүйетін және үнемі көңілді жүретін әдемі балақай», дейді Ә.Жұмаділ. «BAQ league» турнирінің төртінші маусымының «А» лигасында «Егемен Қазақстан», «Хабар», ЦАИ, «Қазмедиа», «Спорт 59», ДИАП «Qazaqstan» және «Асыл Арна» ұжымы доп тебеді. Ал «В» лигасында «Qazaqstan», «Хабар 24», «Еуразия-ОРТ», «Elorda aqparat», ҚМДБ баспасөз қызметі, «Sportinform.kz» және «Қалгемер» командасы бақ сынайды. Айта кетейік, «Егемен Қазақстан» газетінің ұжымы «BAQ league» турниріне биыл төртінші рет қатысып жатыр.

egemen.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.