Take a fresh look at your lifestyle.

Бұл дүниеде соттың не керегі бар?

0 539

Бұл дүниеде соттың не керегі бар?

немесе

Үш сұраққа бір жауап

Өздерін философ санайтын бір топ адам Мәулана Желаледдин Румиге келіп, бірнеше сұрақ  қойғысы келетінін айтады. Олардың мақсаты – сұрақтарына жауап табу емес, мұсылмандардың сенімдеріне күмән ұялату болатын. Мәулана  философтырдың ниетін түсініп өзінің ұстазы Шемс Тебризиге жібереді. Мешітте шәкірттеріне балшықтан жасалған қышқа қалай тәйәммум алуды үйретіп жатқан Шемс Тебризи келген философтардың қандай  сұрақ мазалап жүргенін сұрап, жауап беруге дайын екенін айтады. Философтардың ішінен бірі басшылық жасап сұрақтарын қоя бастайды.

– Сіздер, мұсылмандар, Алла бар деп айтасыздар. Алайда Алланы көрмейсіңдер. Бар болса көрсетіңдер бізде иман келтірейік, – дейді.

Шемс Тебризи:

–  Келесі сұрағыңызды да қойыңыз, – дейді.

– Сіздер шайтанды оттан жаратылған деп айтасыздар. Оның ақиретте тозаққа тасталып отта жанып азапталатынына сенесіздер. Оттан жалатылған нәрсеге от қалай азап шегеді?

Шемс Тебризи тағы да:

– Келесі сұрағыңызды да қойыңыз, – дейді.

– Адамдар осы өмірде істегендерінің барлығынына ақиретте үлкен сот құрылып іс-әрекеттерінен жауапқа тартылады екен. Олай болса осы дүниеде адамдар қалай өмір сүргісі де не істегісі келсе де істесін. Бәрібір ақирет сотында жауап береді емес пе? Бұл дүниеде соттың не керегі бар? –  дейді.

Философ көкейіндегі құйтырқы сұрақтардың барлығын қойып енді қалай жауап береді екен деп мысқылдап қарап тұрады. Мешіттегілердің барлығы Шемс Тебризидің қалай жауап береді екен деп күтіп тұрғанда, ол сабырлы қалпында орнынан тұрып сұрақ қойған филосафтың жанына келіп, қолындағы балшықтан жасалған қышпен адамның басына қойып қалады. Филосафтың басы қатты ауырып аздап ісіп қалады.  Мешіттегі шәкірттерінің көптігінен сескенген философ  Шемс Тебризи жауап қайтармай шығып кетеді де сол аймақтың сотына барып Шемс Тебризиден жәбір көргендігі туралы шағымданады. Сот, әйгілі дін ғалымының бұлай жасағанына түсіне алмай сотқа шақырады.

– Философтың шағымы бойынша шақырттым. Барлық жағдайды баяндап беруіңді сұраймын, – деді сот.

– Мен оған ешқандай жамандық жасамадым. Сұраған сұрақтарына жауап бердім, –  деді.

– Бұл қалай, осылай жауап бере ме?! Шағымданушының басы соққыдан ісіп, араша сұрап келді. Мән-жайды толық түсіндір, – деді сот ашуланып.

– Сот мырза, бұл адам маған «Алла бар болса көрсет, менде көрейін де сенейін» деді. Менде оған барлық нәрсені көзбен көру мүмкін емес екендігін дәлелдеу мақсатында басына қышпен ұрдым. Ал енді бұл адам басының ауырып тұрғанын көрсетсін, бізде көрейік. Егер  басының ауырғанын көрсете алмаса неге сотқа шағымданып келіп тұр, –  дейді Шемс Тебризи

– Басым ауырып тұрғаны рас, алайда мен оны көрсете алмаймын, – дейді философ.

– Алла тағала бар екені күмәнсіз. Бірақ көзбен көрінбейді, оны ақылмен танисың, жүрекпен сенесің, ақиретте нұрмен көресің; Ал екінші сұрағыңа келетін болсақ, бұл адам «Сіздер шайтанды оттан жаратылған деп айтасыңдар. Оның ақиретте тозаққа тасталып отта жанып азапталатынына сенесіңдер. Оттан жаратылған нәрсеге от қалай азап бере алады?» деді. Топрақтан жаратылған адамға топрақтан жасалған қыш қалай азап беретіндігін түсіндіргім келді. Сол себепті қышпен ұрдым.  Басына қатты ұрсам өліп кетуіңде мүмкін еді. Ал үшінші сұрағыңа келетін болсақ, «Адамдар жасаған барлық әрекеттеріне ақиретте жауап беретін болса, бұл өмірде ойына келгенін істей берсін» деді. Менде оның басына ұрғым келді және ұрдым. Ол не үшін дереу сотқа жүгініп отыр. Менің айтпағым, барлығы қалаған нәрсесін істейтін болса әлемді зұлымдық билеп алар еді. Күштілердің әлсізге жасалған залымдығына кім тосқауыл болады. Әлсіздің, жетімнің ақысын кім қорғайды. Ақиретте үлкен әділ сот құрылып, істеген барлық жақсылық пен жамандығына жауап береді.  Әлсіздердің ақысын жеген зұлымдар жауапқа тартылып әділдік орын алады, – дейді

Философ,  Шемс Тебризидің берген жауабынан кейін өз шағымын қайтарып алып, басқа өңірге қоныс аударып кетеді.

SUNNA.KZ

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.