Take a fresh look at your lifestyle.

Қарама-қайшылықтардың етек ала бастауы

0 439

Кейін   қайта   құру   жылдары   басталды. Ождан   еркіндігі,   діни   бостандық   сияқты мәселелер көтерілді. Ақырындап мешіт салуға, діни   ілімге,   діни   әдебиеттер   қолдануға мүмкіндіктер туды.

Шет   елдерден   мұсылмандар   келе бастады.   Сондай-ақ,   халқымыздың   арасынан басқа   мұсылман   елдеріне   барып   келгендер болды.   Ең   маңыздысы   халқымыз   дінді жалпылама үйрене бастады. Бірақ ол тәртіпсіз, жоспарсыз,     дайындықсыз     жүзеге     асты. Дегенмен басқа мүмкіндік болмады. Нәтижеде өте   бұрыс   бір   жағдай   пайда   болды.   Ілім іздушілер   бар,   бірақ   ұстаздар   жетіспейді, оқушылар   бар,   бірақ   кітаптар   жетіспейді. Мешіт   бар,   имам   жетіспейді.   Бұл   жағдай   өз кезегінде   ұстаздыққа   сауаты   жетпесе   де әлдекімнің   ұстаздық   қылуына,   дәріс   беру қағидаларымен  жазылмаған  кітаптармен  дәріс беруіне,   имамдыққа   білімі   таяз   адамдардың өтіп кетуіне алып келді. Көп ұзамай-ақ мұның

ешқандай   жақсылыққа   апармайтыны   белгілі болды.   Өздеріне   лайықты   бағасы   төмен кітаптардан ілім жиған, білімі таяз «ұстаздар» өз   білгендерімен   қарсыластарымен   мәселе таластыруды бастады. Өздерінің ғылыми ілімі болмағандықтан,   шәкірттерін   араға   салуды дұрыс санады. Сонымен болмашы мәселелерде бір әлемге татитын жанжалдар пайда болды.        Әрине,   имамдардың   арасында   ілімі аздары қол қусырып отырмай, талас-тартысқа олар да кірісіп кетті.

Шетелдерден   келген   мұсылмандар болса   жараның   үстіне   тұз   сепкендей   болды. Әрине   барлығы   емес.   Ынсаппен   айтатын болсақ,   шеттен   келген   кісілердің   арасында жақсы   ғалымдар   да   бар   еді,   олар   біздің жағдайымызды   толық   түсінетін,   өте   пайдалы кеңестер   айтып   үйрететін.   Бірақ   мұндай ғалымдар аз болатын, уақытша жұмыс бабымен ғана   келіп   өз   жұртына   қайтып   кететін   еді. Әсіресе,   өз   жұртында   жұмыс   таба   алмаған, қолайлы   мүмкіншілікті   пайдаланып,   өз жұртына   қайтпай   қалған   шетелдік   мырзалар түрлі   жамағат   пен   ұйымдардың   өкілі   болып алатын   еді.   Олардың   көпшілігі   өз   жұртында елеусіз   болғанымен   бізге   келіп   «ғұламаға» айналып   алған   еді.   Бір   домалап   ұстаздардың ұстазына айналып алған бұл азаматтар келген жұрттары,   киген   киімдерімен   және   ең маңыздысы,     діни     көзқарастарымен     өз айналасында жиналған жастарды таңдандырып, тамсандыруға әрекет ететін. Олар өздерін қонақ етіп отырған ел мұсылмандарының мазһабын, әдет-ғұрыптарын, тарихын және басқа да салт-дәстүрлерін қаперіне алмады. Олар тіпті дінге жаны ашып қызмет қылар болса да ең алдымен өздері   қызмет   қылып,   ақысын   алып   жүрген топтың   немесе   қоғамдастықтың   діни   көзқарастарын алдыңғы қатарға қоятын. Осылайша шеттен   келген   сол   құрметтілеріміз   өздерімен бірге   талас-тартыстар   мен   жанжалды   алып келді.

Бірінші   кезекте   жергілікті   кісілер олардың   біздегіден   бөлекше   оқып   жатқан намазын   көрер   еді.   Олардың   «Фатиха» сүресінен кейін «әмин» деуі, рукуғқа барғанда және   қайтқанда   қол   көтерулері,   имамның

арқасында   тұрып   бірдеңелерді   оқитыны жөнінде сауал беретін еді. Сол кезде сол дүбәра ұстаздар   біз   Пайғамбарымыздың   (с.ғ.с.) сүннеттеріне   амал   қыламыз,   сіз   сұраған нәрселер   пәлен-түген   хадистерде   келген, өкінішке   орай   сіздерде   Пайғамбардың   (с.ғ.с.) сүннетіне   амал   қылынбайды   екен,   деп бастайтын   еді.   Кейін   сүннет   не   екенін,   оған амал   қылу   маңызды   екенін,   Әбу   Ханифаның айтқанымен   жүрудің   «дұрыс   емес»   екенін түсіндіруге   тырысатын.   Жанындағылар   үшін бұл сөздердің барлығы жаңалық, өте қызықты көрінетін. Сөйтіп олар ақырындап өз білімдерін тықпалай   бастады.   Әрине   бұған   кей намазхандар   наразылығын   білдіріп   жатты. Олар   ата-бабалары   заманынан   келе   жатқан намаз оқу тәртібін оңайлықпен тәрк ете салар емес еді. Сонымен қатар, өкінішке орай, олар неге   «әминді»   дауыстап   айтпау   керектігін,

рукуғта   неге   қол   көтермейтіндігін,   имамның артынан қырағат қылмайтынын және басқа да соған   ұқсас   нәрселердің   тап   Пайғамбары-

мыздың   (с.ғ.с)   сүннетінен   екенін   түсіндіріп бере алмайтын. Олар мұндай тосын сауалдарға үйренбеген-тін. Нәтижеде фиқһи мазһабқа амал ету   басқа,   Құран   және   сүннетке   амал   қылу басқа   болып   көріне   бастады.   Өзара   наразылықтар   тартысуға,   тартысулар   ұрыс-жанжалға айнала бастады. Ақыр соңында тараптар арасында   дұшпандық   күшейгені   сонша,   тіпті қазір бұл туралы әңгіме қозғаудың өзіне жүрек дауаламайды.

Әуелгіде   айтып   өткеніміздей,   бұларды жазуымыздағы   мақсат   айыптыны   табу   емес, болып өткен оқиғаларды біртіндеп қазбалау да емес.   Бірден-бір   мақсатымыз   мұсылмандар арасындағы   қарама-қайшылықтар   мен   келіспеушіліктерге себеп болып жатқан нәрсені қолдан келгенше түсінікті етіп баяндап беру ғана. Алайда   бұл   жайт,   өз-өзімізге   мынадай   сауал беруімізге тосқауыл болмайды.                  

Келіңіздер, нәтижесіне бір ой жүгіртіп көрелік   орынсыз осы талас-тартыстардан кім жеңіске жетті? Мұсылмандар арасынан шыққан талас-тартыстардан   кім   пайда   тапты?   Ислам дұшпандары ғана. Мұсылмандар ше, тек қана зиян шекті.

Бізде   мұсылмандар   арасынан   шыққан қарама-қайшылықтар   жаңалық   па   еді?   Жоқ! Мұндай қарама-қайшылықтар бұрын да болған. Сонда Ислам үмметінің ғұламалары бірауыздан келісіп, осы сияқты талас-тартыстардың алдын алу үшін үлкен фиқһи мазһабтардың біріне еру қажет деген шешімге келген еді. Түрлі талас- тартыстардан   зардап   шеккен   мұсылмандар үмметі болса, бұл шешімді дұрыс көру арқылы қабыл   алып,   барлығы   бір   ауыздан   келіскен (ижмағ) үммет орнаған еді. Солай бола тұра, өткен бір қатені қайталаудың жөні бар ма?

Осы  мәселе  бір  уақыттары  мұсылмандар   арасында   түрлі   талас-тартыстарға   себеп болып,   тіпті   қарулы   шайқасқа   дейін   апарған. Ақыр   соңында   ақида   кітаптарымызға   бұл мәселені жазып қоюға мәжбүр еткен еді.

Осы жерде   өздеріңіздің   рұқсаттарыңызбен   «Әһлі сүннә   уал   жамаға»   ақида   мазһабының   ең белгілі   кітаптарының   бірі   «Ақида   Тахауия шархы» кітабынан үзінділер келтіреміз.

Материал «Талас-тартыстар (Ихтиләфтар)» кітабынан алынды

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.