Take a fresh look at your lifestyle.

Оразаны бұзбайтын жағдайлар

0 383

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімінің пәтуасына сәйкес төмендегі жағдайларда ораза бұзылмайды:

1. Ұмытып ішіп-жеу. Алайда, мұндай жағдайда ораза екені есіне түскен кезде жеуді дереу тоқтатуы керек;

2. Ораза күйінде ұйқыдан жүніп болып ояну;

3. Әйелін сүю немесе денесіне қолын тигізуі. Мұндай жағдайларда егер мәни шықпаса, ораза бұзылмайды;

4. Әйеліне қолын тигізбесе де оған қараудан немесе шәһуәтын қоздыратын жағдайларды ойлап мәни шықса;

5. Түнде жүніп болып, ғұсыл алуды сәресі уақытынан кейінге қалдыру;

6. Аузына келген қақырықты жұту;

7. Түкірік немесе мұрынды тарту арқылы бір нәрсенің тамаққа кетуі;

8. Құлаққа су кіру, бұлық ағу;

9. Темекі түтіні немесе топырақ, шаң, ұнның тозаңы, қардың ұшқыны, жауынның тамшылары тамаққа еріксіз кірсе;

10. Тістердің арасында қалған ноқаттан кішкене тамақ қалдықтары жұту;

11. Еріксіз ауыз толы құсу немесе оның ішке қайта кетуі;

12. Қан алдыру немесе сүлік салдыру;

13. Көзге, құлаққа дәрі тамызу;

14. Мисуак немесе тіс пастасын қолдану. Бірақ пастасы ішке кетіп қалса бұзылады(Ең абзалы таң намазы кірмей тұрып тістерді жуу);

15. Тіс жұлдыру оразаға кедергі жасамайды. Бірақ жұлдырған уақытта ауыздағы қанды яки дәріні жұтпау шарт; 16. Ауыз бен мұрынға су алып шайқау оразаны бұзбайды. Бірақ тамаққа кетпеуін қадағалау қажет;

17. Душқа жуыну, теңізге, көлге түсу оразаны бұзбайды. Бірақ су жұтып қоюдан сақтануы керек. 

ummet.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.