Take a fresh look at your lifestyle.

«ИМАНИ ЖАЗ-2019» ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

0 163

ҚМБД-ның тапсырмасы аясында, «С.Ғылмани» мешітінің Бас имамы Нұрлан Рамазановтың ұйымдастыруымен демалысқа шыққан оқушыларға жазғы діни білім беру дәрістері басталды. Бұл курстың пайдасы өте көп болмақ. Себебі оқушылар жаз айында тәртіпсіздікке көп баратындығын мамандар жиі айтады. Міне, осы келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында еліміздегі барлық мешіттерде, мектеп жасындағы балаларға арналған жыл сайынғы жазғы діни оқу курстары өткізіледі.

Жиырма күнге созылатын жазғы діни сауат ашу курсына қабылданған бүлдіршіндер үшін жақсы мүмкіндік туып отыр. Оқушылардың жазғы демалыстарын тиімді өткізулеріне таптырмайтын мұндай курстардың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанындығы да мәлім. Шәкірт саны да жыл сайын артып келеді. Бұл бастамаға ата-аналар қауымының да қуаныштары шексіз.

Маусым айының аяғына дейін «С.Ғылмани» мешітінде 100-ге жуық шәкірт діни сауатын ашып, арабша хат танып, қысқа сүрелер мен Алланың 99 есімін жаттап шығады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, күнделікті өмірімізге қажетті дұғалар мен тәрбиелік мәні зор ғибратты өнегелер, пайғамбарымыздың өсиеттері т.б толып жатқан жақсы тәрбиелерді, оқушылар санасына сіңірмек.

Мешітіміздің оқу-ағарту ісіне жауапты маман Серікбол Хаманұлы бастап, елімізге беделді оқу орны «Нұр Мүбарак» университетінің исламтанушы студентері Мұхтар Халық, Әйгерім Қазбекова және Нұр-Сұлтан қаласындағы «Нұр-Астана» медресе-колледжнің студенттері Оразғаиев Хамза, Өтелгенов Ержан, Ыбырайм Райымбек қатарлы жас мамандар шәкірт тәрбиелеу жұмысы барысында өздерінің теориялық білімін өндірістік-практикалық тәжірибиемен ұштастыра отырып, мешітімізде «Имани жаз – 2019» жаздық сауат ашу курсы барысында өз біліктіліктерін арттыра түсуде. 

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.