Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ЖҮРЕК ДЕРТТЕРІНІҢ БІРІ – РИЯ

0 5  390

1

Әрбір момын-мұсылман адам аталған дерттен аса сақ болып жүруі тиіс. Рия (көз бояушылық) адамдар арасында рухани дәреже, шен, шекпен мен материалдық пайда үшін жасалатын жағымсыз әрекет болып саналады. Дүниелік пайда үшін дінді қолданып адамдар арасында көз бояушылық жасау ең жаман қасиеттердің бірі. Рияның ең жаманы Аллаға құлшылық ету барысында жасалған жалған(пасық іс) амал.

Рия  дегеніміз- «көзбен көру», «назар салу»,  «адамдар көрсін», «білсін», «мақтасын»  деген мағыналарды білдіреді.(көз бояушылық)

Алла тағала «Ниса» сүресінің  38-ші аятында:

وَالَّذِينَ يُنفِقُونَ أَمْوَالَهُمْ رِئَاءَ النَّاسِ وَلَا يُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَلَا بِالْيَوْمِ الْآخِرِ وَمَنْ يَكُنْ الشَّيْطَانُ لَهُ قَرِينًا فَسَاءَ قَرِينًا

«Олар сондай Аллаға, ахирет күніне сенбей малдарын адамдарға көрсету үшін жұмсайды. Ал біреудің сыбайласы шайтан болса, ол жаман сыбайластық», – деген.

Бұл аяттарда Алла тағалың жақсы көрмейтін тәкаппар және мақтаншақ  адамдардың  кейбір сипаттары  жөнінде баян етілген. Олар, негізінде, сараңдық  жасап, мал-дүниені жақсылыққа жұмсаудан қашады. Ал малын

жұмсаған күнде де, аятта келгендей көрсету үшін, риякерлік мақсатында жұмсайды. «Малдарын адамдарға көрсету үшін жұмсайды.»

 Демек, сараң болған кісілерді де Алла тағала жақтырмайды. Рияқоршының жұмсаған малын да Алла тағала жақтырмайды. Сондықтан, рияқорлардың мал-дүниесін жұмсаудағы көздеген мақсаттары Алла үшін, Алла тағаланың  разылығы үшін емес, адамдар көрсін, есітсін, әңгіме – сөз етіп мақтасын, деген мақсатта жұмсайды.

2

Алла тағала «Ниса» сүресінің  142-ші аятында:

إِنَّ الْمُنَافِقِينَ يُخَادِعُونَ اللَّهَ وَهُوَ خَادِعُهُمْ وَإِذَا قَامُوا إِلَى الصَّلَاةِ قَامُوا كُسَالَى يُرَاءُونَ النَّاسَ وَلَا يَذْكُرُونَ اللَّهَ إِلَّا قَلِيلًا

«Мұнафықтар, Алланы алдамақшы болады. Негізінен Алла, оларды алдауға ұшыратады. Қашан олар намазға тұрса, жалқауланып тұрады. Адамдарға көрсету үшін оқып, олар Алланы өте аз еске алады», – деген.

Алла тағала «Мағұн» сүресінің 4-6 шы аяттарында:

فَوَيْلٌ لِلْمُصَلِّينَ(4)الَّذِينَ هُمْ عَنْ صَلَاتِهِمْ سَاهُونَ(5)الَّذِينَ هُمْ يُرَاءُونَ(6)وَيَمْنَعُونَ الْمَاعُونَ(7)

«Сондай намаз оқушыларға нендей өкініш! Олар, намаздарын немқұрайды оқиды. Олар, көрсету үшін оқиды», –деген.

Пайғамбарымыз Мухаммед (с.ғ.у.): «Әлбетте сіздер үшін ең қатты қорқатын нәрсем кіші шірік яғни рия» (көз бояушылық) – деп, көз бояушылықты шірікке  балап кеткен. (Термизи, Худуд 24)

Рия жасау арқылы көптеген кісілер алдамшы дүниенің қызығынан өз несібесін алуға тырысып бағуда. Бастығын жақсы көрмеседе өтірік қана оны мақтап, жермен көкке сыйдырмай, бетіне қарап өтірік күліп жүрген қандастарымыз көптеп кездеседі. Рияқор өзі жайында – білгіш, тақуа екен деп айтсын деген ниетпен амал етуші иман жүзді бауырларымызда аз емес.

Пайғамбарымыз Мухаммед (с.ғ.у.) мұндай кісілер жайында  былай  деген:

«Кімде -кім естілсін деп бір іс істесе Алла оның қадірін түсіреді. Кімде кім көз бояушылықпен амал етсе Алла тағала оның көз бояушылық жасағандығын және қадірсіздігін әшкере етеді» – деген. (Муслим, Зухд 38)

Ибн Хажар Асқолани рияны төмендегіше түсіндіреді: «Рия- адамдар көріп, иесін мақтауы үшін ғибадаттарды ашық көрсетіп орындауы»  деген .

Тағы бір ғалымдардың бірі Таханауи рияны былай түсіндіреді: «Рия жақсылықты басқалар көрсін деген мақсатта орындау. Онда шынайы ниет және ықылас болмайды» .

Адамдардың жасырын шірік дертіне шалыну қаупі бар. Бұл дерттердің аты – рия. Өз амалдарымен шынайы Алла тағаланың разышылығын қаламаған рияқор  жағдайға  ұшыраған  адамдар  жөнінде Құран Кәрімде анық ашық бірнеше аяттар келген.

Намаз оқушы намаздың ақиқатын ұмытса, жамандығын, балағат сөзін, өтірік айтуын, бұзықшылығын және басқа жаман қасиеттерінен қайтпаса, ондай кісі рияқор, мұнапық болады. Адамдардың көзін бояу, олардың алдында абырой табу, өзін діндар тақуа етіп көрсету үшін намаз оқыған болып есептеледі.

Рашид Алпысбаев

“Сәдуақас қажы Ғылмани” мешітінің наиб имамы

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.