Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ауызашар дастарханы жайылды

0 205

Айлардың сұлтаны қасиетті Рамазан айының алғашқы күні ел мешіттерінде ауызашар дастархандары жайылды.

Бұл үрдіс Елорда мешіттерінде де жыл сайын тұрақты артқарылар игі іс-шаралар қатарында.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ауызашар дастархандары жылдағы үрдіс бойынша, жамағатпен мешітте жасалып, ораза ұстаушылар үшін арнайы ас мәзірі дайындалды.

Алғашқы ауызашар дастарханына қатысқан наиб имам Қондыбай Серікұлы, жамағатты Рамазан айымен құттықтап, ауызашардың мән- маңызына тоқталды.

Ғылмани мешіті осылай күніге 250 адамға ауызашар дастарханын жаюды жоспарлап отыр.

Бұл игі үрдіс қасиетті айдың соңына дейін жалғасын таппақ.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.