Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

НАИБ МҮФТИ «С.ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ВИДЕО+ФОТО)

0 3  403

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

27-қаңтар. Астана. Sunna.kz – ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Бауыржан Есмахан «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде «Ең үлкен жиһад нәпсімен күрес» тақырыбында жұма уағызын жүргізді.

Наиб мүфти қасиетті жұма намазына жиналған жамағатқа «жиһад» сөзінің мән-мағынасына тереңірек үңіліп, сөздің астарындағы ұлағатты ұғымның мәнін түсіндірді. Қазір «Жиһад» десе теріс түсініп я қорқып секем алып қалатын жағдайға жеткен мұсылмандарға ол сөздің – зұлымдық жасау, отанына опасыздық жасау емес – адам баласы әуелі өзінің нәпсісін тәрбиелеу дегенді айтты. Міне, «жиһад» деген осы деп, жамағатқа исламдағы асыл ұғымдарды теріс пиғылда пайдаланып, өрескел белең алып бара жатқан ұғымдарды иман-парасатпен таразылып-талғап түсінуге шақырады.

Алмаған жауы, шешпеген дауы қалмаған атақты Ескендір патшаның да ақыр соңында өзінің нәпсісінен жеңілетінін Хакім Абай жырлаған еді. Адам жаралғалы қайшылықтасып келе жатқан нәпсі жайында тағы бір тағылымды уағыз-насихатты ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Бауыржан Есмахан айтқан болатын. (Толығырақ видео нұсқасынан көре аласыздар).

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.