Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Арыстықтарға алғашқы көмек мешіттен жетті

0 1  152

Қазір Арыстағы бала-бақшалардан Шымкентке алып кеткен бүлдіршіндерді ата-аналары іздеп келіп, қауышып жатқан жайы бар.

Ақ мешітке шаһардағы және облыстық мешіттерден көмекке азық-түлік жеткізіліп жатыр. Мешіт те, медресе ғимараты да лық толды.

Арысқа алыс-жақын аудандардан да жәрдем берілуде. Түркістан облыстық және қалалық мешіттерде де қоныстанған жандарға ас беріліп, жағдай жасалуда.

Түркістан қалалық мешіттерінің ұйытқы болуымен Арысқа 7 автобус аттандырылды. Адамдарды имамдар тосып тұр.

Көмек көрсетіп жатқан жұртшылыққа Алла Тағала разы болсын!

Түркістан облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.