Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«С.Ғылмани» мешітінде сенбілік өтті (фото)

0 975

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

21-сәуір. /SUNNA.KZ/ – Астана қаласында жалпықалалық сенбілік өтті. Осыған орай,  ҚМДБ-ның тапсырмасымен, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ауласында абаттандыру, тазарту жұмыстары жүрілді.

Астана шаһары әлемдегі ең таза қалалардың бірі болып саналады. Сонымен бірге биыл Елорданың 20 жылдық мерейтойы. Сондықтан да қаламыздың тазалығы мен әсемдігі арта түсуіне әрбір қала тұрғындары ат салысуы абзал деп білген, Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті де аталмыш сенбіліктен қалыс қалмады. «Тазалық – иманның тең жартысы» деген хадисті ту еткен мешіт қызметкерлері мен жамағат имандылық ордасының ажарын аша түсу мақсатында жалпы мешіт ауласын тазалауға шықты. Қоршаған ортаның тазалығына мән беріп, көңіл аудару әрбір мұсылман баласының бұлтартпас борышы.  

Жылдағы үрдіс бойынша Алла үйінің ауласындағы тал, терек, шыршалардың түптері әктелді. Және әр жұма күндері жамағатымызға «жайнамаз» болған көгал түрлі қоқыстардан тазартылды. Сонымен қатар, мешіт залдары да тазартылып, еңселі құлшылық ордасы көктем шуағымен бірге құлпыра түсті.

Осылайша, Бас имам Жұманазар Садырханов бастаған, басқа да мешіт имамдары, кезекші молдалар, Sunna.kz сайтының қызметкерлері және мешіт жамағаты қатысып, әсем қаламыздың таза да тартымды, көркем де көрікті болуына өз үлестерін қосты. 

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Бақытбек Қадырұлы суреті.

Бақытбек Қадырұлы суреті.

Бақытбек Қадырұлы суреті.

Бақытбек Қадырұлы суреті.

Бақытбек Қадырұлы суреті.

Бақытбек Қадырұлы суреті.

Бақытбек Қадырұлы суреті.

Бақытбек Қадырұлы суреті.

Бақытбек Қадырұлы суреті.

Бақытбек Қадырұлы суреті.

Бақытбек Қадырұлы суреті.

Бақытбек Қадырұлы суреті.

Бақытбек Қадырұлы суреті.

Бақытбек Қадырұлы суреті.

Бақытбек Қадырұлы суреті.

 

 

 

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.