Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Кәсіпкер азаматтарға ауызашар берілді (ФОТО)

0 905

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

6-маусым. Астана. /SUNNA.KZ/ – Қасиетті Рамазан айына орай, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде кәсіпкер азаматтарға ауызашар берілді.

ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігінің арнайы тапсырмасы аясында, «Алтын ғасыр» мейрамханасында елордалық 30-ға жуық кәсіпкер азаматтарға айырықша ауызашар дастарханы жайылды.

Шара барысында Бас имам Жұманазар Садырханов мешітімге арнайы демеушілік жасап, ата дініміздің өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген атымтай азаматтарға айырықша алғысын білдірді.

Сондай-ақ наиб имам Бағзат Ақжол жиналған жамағатқа Рамазан айының соңғы он күнінің қадір-қасиеті және Қадір түні жайында тағылымды уағыз-насихат айтты.

Ауызашарға белігі дінтанушы және мешіт жанашырларымен бірге көптеген кәсіпкермен зиялы қауым өкілдері қатысып, мешіт жұмыстарына ризашылықтарын жеткізді.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметкері

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.