Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

АЙТ НАМАЗЫ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША 15-МАУСЫМДА ОҚЫЛАДЫ

0 613

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Астана қаласы бойынша биыл Ораза айт намазы 15-маусым күні таңғы сағат 7:00-де оқылады. Қасиетті Ораза айт мерекесіне орай «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті бірқатар шаралар ұйымдастырып, мұсылмандардың ұлық мейрамын өз дәрежесінде атап өтуді жоспарлап отыр. Айт намазынан соң мешіт ауласында ұлттық спорттық шаралар ұйымдастырылмақ. 

Айт намазы күннің ұясынан толық шығып найза бойы көтерілгеннен бастап бесін намазына дейінгі аралықта оқылады. Жергілікті халықтың ыңғайына қарай намаздың уақытын сол жердің имамы нақтылайды. Айт намазының оқылуын мына сілтемеден көре аласыздар!

Айттың мына әдептеріне көңіл аудару керек:
–  Ғұсыл алу;
–  Таза киім кию;
–  Хош иіс себіну;
–  Намаздан алдын тақ санды бір немесе үш… құрма жеу;
– Намазға тәкбір айтып бару. Еркек адам дауыстап, әйел адам іштей айтады; (Тәкбір түрлері: Аллаһу Акбар Аллаһу Акбар, Лә иләһә иллаЛлаһу Аллаһу Акбар, Аллаһу Акбар уа лиләһил-хамд
– Намазға жаяу бару;
– Бір жолмен барып, басқа жолмен қайту.

Келе жатқан Айттарыңыз оң болсын!

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.