Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қарағанды облысында радикалды діни топ іс-әрекетінің жолы кесілді

0 756

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

2018 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында радикалды діни топ іс-әрекетінің жолын кесті.

Арнайы операция жүргізу барысында топтың 3 мүшесі ұсталып, олардан суық қару және діни мазмұндағы материалдар алынды.

Аталған адамдар террорлық топ құру және оның әрекеттеріне қатысқаны, сондай-ақ терроризмді насихаттағаны бойынша күдіктелуде.

Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде, басқа мәліметтер тергеу мақсатында жарияланбайды.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.