Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ӘР СӘРСЕНБІ – МЕШІТ ЖАМАҒАТЫ ҮШІН…

0 1  389

27-қыркүйек. Астана. SUNNA.KZ – Сәрсенбінің сәтті күні «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде исламтанушы Әділхан Серікбай «Иманның дүниеге және ақиретке берер пайдасы» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат айтты.

ҚМДБ Астана қаласы Өкілдігінің тапсырмасы аясында, РАНТ мүшелерін арнайы шақырып, уағыз-насихат жұмыстарын жетілдіру және жамағатқа білікті дін мамандарының уағыздарын тыңдауға мүмкіндіктер тудыру мақсатында, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Әділхан Серікбай арнайы шақыртылды. Аптаның әр сәрсенбі күндері мешіт жамағаты үшін ең олжалы күндердің бірі. Бұл күндерде, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Жұманазар Садырхановтың ұйымдастыруымен, мешітімізде тұрақты түрде елімізге белгілі исламтанушылармен кездесу өткізіліп келеді. Алла жазса, бұл ізгі шара өз жалғасын таба бермек. (Уағыздың толық нұсқасын видеонұсқасынан көре аласыздар). 

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.