Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БАС МҮФТИ «АЙҚЫНМЕН» КЕЗДЕСТІ

0 596

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Астанада «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің ұжымымен жүздесті.   Бас мүфти жуырда Елордаға қоныс аударған басылым қызметкерлерінің жұмысына береке тіледі. «Көштеріңіз көлікті болсын! Қоныстарыңыз құтты болсын! Мен – «Айқынның» тұрақты оқырманымын. Руханиятымыздың, асыл дініміз бен діліміздің жанашыры болған басылымның Елордаға басқан қадамы берекелі болсын. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін», – деді Серікбай қажы Ораз.   «Айқынға» арнайы келген Бас мүфтиге газеттің Бас редакторы, белгілі қаламгер Нұртөре Жүсіп алғысын жеткізді. Кездесуден кейін Бас мүфти мен Бас редактор қоғамның рухани дамуы туралы пікір алмасты.

«Айқын» 

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.