Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Медресе-колледжде – жаңа басшы (ФОТО)

0 577

12 мамыр. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбеков «Астана» медресе-колледжінде болды, деп хабарлайды sunna.kz тілшісі.

Смайыл Сейітбеков оқу ордасы ұжымына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен «Астана» медресе-колледжінің директоры болып тағайындалған Бақтыбай қажы Бейсенбаевты таныстырып, қызметіне табыс тіледі.

Сондай-ақ, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбеков, Нұр-Сұлтан қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов медресе-колледжді аралап, оқу орнының төтенше жағдайдан кейінгі жұмыс барысын талқылады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.