Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БАС МҮФТИ “УАҚЫП” ҚОРЫНЫҢ ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТІН ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

0 450

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз жуырда тағайындалған “Уақып” қайырымдылық қорының жаңа президенті Қайрат Әзімовпен кездесті.

Бас мүфти Қайрат Мұратұлын жаңа қызметімен құттықтап, жұмысына игілік пен береке тіледі. Кездесуде дін қызметкерлерінің әлеуметтік мәселесін толыққанды шешу, қайырымдылық бағытында республикалық маңызды іс-шараларды бірлесе атқару, білім, ғылым, діни ағарту жолында біріккен жобаларды жүзеге асыру, т.б. мәселелер талқыланды.

Серікбай қажы Сатыбалдыұлы 350-ден астам дін қызметкерінің “Уақып” қайырымдылық қоры есебінен арнайы стипендия алып жатқанын жеткізіп, қордың басшылық құрамына алғысын жеткізді.

Өз кезегінде сөз алған Қ.Әзімов еш жерден жалақы алмайтын дін қызметкерлерінің әлеуметтік мәселесін шешу бағытында оң шешім қабылданатынын мәлімдеді. 

Басқосу барысында Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын қаржыландыруға қатысты жобалармен бөлісті. Сонымен қатар, ҚМДБ “Қажылық” қоры есебінен 100 имамға жалақы тағайындалғанын жеткізді.

Айта кетейік, еліміз бойынша 6189 дін қызметкері жұмыс істейді. Оларды толыққанды жалақымен қамтамасыз ету бағытында арнайы жобалар жүзеге асуда.
ҚМДБ баспасөз қызметі

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.