Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Наурызбай қажы Тағанұлы Ресейдегі қазақ имамдарымен кездесу өткізді (ФОТО)

0 639

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, Астана қаласының және республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Ресейдегі қандас бауырларымызды қабылдап, кездесу өткізді. Атамекенге арнайы іссапармен ат басын тіреген ресейлік делегация құрамындағы Самар облысының бас имамы Ербол Сағындықов, үш аудан бас имамы Рамиль Мұстафин, Саратов облысының наиб имамы Дүйсеқазиев Нұрлыбек бастаған топ еліміздің Бас мешітін зиярат етіп, бірқатар діни мәселелер бойынша кеңесіп қайтты.

Ұлық мереке қарсаңындағы келелі кездесу барысында Ресейдегі қазақ имамдарының біліктілігін жетілдіру мақсатында Қазақстанға оқуға жіберіп тұру жайы ұсынылып, кейбір таласты тақырыптар бойынша ҚМДБ Пәтуа бөлімінің көмегіне жүгіну жайы қозғалды. Кездесу соңында Ресейдегі Ислам діні, қазақ жұрты жайлы сыр шертетін тарихи еңбектерін тарту етіп, ризашылықтарын білдірді.

muslim.kz

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.