Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БАС МҮФТИ ƏБУ-ДАБИДЕ БАСТАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУДА (ФОТО)

0 738

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Біріккен Араб Əмірліктерінің астанасы Əбу-Даби қаласында басталған “Бүкілəлемдік адамзаттың бауырмашылдығы” атты халықаралық конференция жұмысына қатысуда.
Халықаралық басқосуда Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Өзбекстан мүфтиі Османхан қажы Алимовпен, Ресей мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары Рушан Аббясовпен бүгінгі мұсылман  үмбетінің діни тұтастығы,  ортаазиялық діни мектептің бүгіні мен болашағы, əлемдік діндераралық келісім мен диалогтың өзектілігі жайлы сұхбаттасты.
“Бүкілəлемдік адамзаттың бауырмашылдығы” атты халықаралық конференцияның жұмыс жоспарына сəйкес, Мысырдың əйгілі əл-Азһар университетінің Бас имамы, шейх Ахмед Тайып пен Рим Папасы Францисктің екі жақты кездесуі өтпек. 
muftyat.kz

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.