Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ақшам уағызы: «Уф» деуге болмайды!

0 3  108

14 ақпын/Астана/SUNNA.KZ/ – Бүгін «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешінітде ақшам намазынан кейін «Ата-анаға құрмет» тақырыбында уағыз айтылды.

Мешітімізде дәстүрлі түрде аптаның ортасында (сәрсенбі-бейсенбі күндері) тұрақты түрде ақшам намазынан кейін мешіт жамағатына арнайы дастархан жайылып, белгілі дінтанушы ғалымдар мен имамдар шақылырып уағыз айтылып келеді. Белгілі себептермен біраз уақыт кідірстер де болды. Сол игі бастама осы аптадан бастап қайта өз жалғасын тапты. Осы аптаның уағызын «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы Әділ Агитаев «Ата-анаға құрмет» тақырыбында тағылымы мол уағыз-насихат айтты. Қазіргі қоғамда ата-анамен балалардың қарым-қатынасы туралы мысал келтіре отырып, перзенттердің ата-анасы алдындағы міндеттеріне жеке-жеке тоқталып, Құран аяттары және Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өнегелі өсиеті хадистерден дәлелдер келтірді.

«Бірде некесін қидыруға жаңа отау көтерген екі жас жұбай келді. некесін оқып болған соң күйеу жігіт менен сұрады: «неке қиылып болған соң мешіттің баспалдағынан жұбайымды көтеріп шығарсам бола ма?» деді. Мен оған: «Жұбайыңыз өзі жүре алмай ма?» дедім. Ол: «Жүре алады» деді. Мен «Онда өзі аяғымен жүрсін» дедім. Сосын былай дедім, «Сен әйелімді көтерем деп әуере болма, әйелді бір көтерсең өмір бойы түспейді» деп әзіл-шын аралас жауап бердім. Бұл не нәрсе? Яғни, құрметтің де өз орыны бар. Өзі реті бар. Мешіт ол көпшілік жүретін, ғибадат орыны. Ондай құрметін үйде көрсетсін. Бұл бір. Біз осындай керемет құрметті бір уақ анамызға жасап жүрміз бе? Міне, осыған ойланайықшы. Ата-анаға деген құрметті ұдайы жақсартуымыз керек. Оларға қарсы келу былай тұрысын, қасиетті Құран-Кәрімде «Ата-аналарыңа уф демеңдер» делінген. (Исра 23)», – деді білікті дінмаманы Әділ қажы Сахиұлы. 

Аталмыш уағызға 70-тен астам жамағат жиналып, дастарханнан дәм татып, уағыз тыңдап қайтты. 

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.