Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ықтияр Палтөре департамент директоры болып тағайындалды

0 267

Нұр-Мүбарак университетінің ғылым саласындағы даму бағытын бағдарлайтын Ғылым және инновация департаментіне жаңа басшы тағайындалды. Енді университеттің ғылым саласын ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Ықтияр Палтөре басқарады. Бұл жөнінде университет проректоры, PhD доктор Қайрат Құрманбаев мәлімдеді.

«Қай қоғам үшін де ғылым саласы өте маңызды. Ал біздің елімізде дін саласы, әсіресе исламтану жаңа дамып келе жатқан ғылым болғандықтан, Нұр-Мүбарак университеті бұл бағытта жетекші орталықтардың біріне айналуы тиіс. Осы мақсатта құрылған Ғылым және инновация департаментіне белгілі ғалым Ықтияр Молдатөреұлының келуі жаңа серпін болады деген сенімдеміз» деп проректор өз лебізін білдірді.

Университеттегі оқытушы-профессорлық құрам, докторанттар, магистранттар мен студенттердің ғылым саласындағы ізденісіне бағыт-бағдар беріп, еліміздегі түрлі жобалар мен бағдарламаларға үлес қосу бағытында бұл департаменттің арқалаған жүгі жауапты. Ал жаңа басшы Ықтияр Палтөре оқытушылық қызметтен бастап, кафедра меңгерушісі, факультет деканы, түрлі деңгейдегі жобалар мен бағдарламаларда жетекші маман қызметтерін атқарған.

Бұл жаңалық отандық ғылым саласына өзіндік үлесін қосып келе жатқан Нұр-Мүбарак университетінің Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының қызметіне де жаңа серпін береді деп күтілуде. Осылайша Ғылым және инновация департаменті университеттің отандық исламтану, дінтану салаларындағы жетекші ғылыми орталық ретінде орнықтыру мен Халықаралық академиялық қауымдастықтармен ынтымақтастықты нығайту шаралары жаңа қарқын алады деген сенім мол.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.