Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

АЛЛАДАН ҚОРҚУДЫ ҚАЛАЙ ТҮСІНЕМІЗ?

0 1  376

Астана /22 ақпан /SUNNA.KZ/ – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде ақшам намазынан кейін «Алладан қорқу» тақырыбында уағыз айтылды.

Құдайдан қорықпайтындардан не үшін қорқу керек? Өйткені Алланың назарында тұрғанын қаперге ілмейтін адам кез-келген күнəға, қылмысқа да бара алады. Ондайларға Алланың бұйрықтарын ескертсеңіз «О дүниеге кім барып келіпті?», «Бара көрерміз» дегенді естиміз.

Тірі күнімізде қайда жүрсек те Алладан қорықпасақ, бара көргеннен пайда болмайды. «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы Оңғар Хайридинов ауызашар дастарханына жиналған жамағатқа «Алладан қорқу» тақырыбында тағылымы мол уағыз-насихат айтты. Мешітімізде дәстүрлі түрде бейсенбі күндері тұрақты түрде ақшам намазынан кейін  ауыз бекіткен мешіт жамағатқа арнайы ауыз ашар беріліп келеді.

Аталмыш ауызашар уағызда наиб имамы Оңғар Хайридинов, қасиетті Құран аяттарында жаратушы Хақ Тағаланың адамзатқа жіберген аяттары мен Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өнегелі өсиеті хадистерден дәлелдер келтіре отырып, құлшылығымызды шынайы әрі риясыз жасауымыз керектігін айтты.

Сондай-ақ, 70-тен астам жамағат жиналды. Дастархан жайылып, Құран оқылды.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.